Елімізде 2025 жылға дейін 2 миллионнан аса жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Серік Шәпкеновтің сөзінше, оның 600 мыңы – тұрақты жұмыс. «Алдымен, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 500 мың адам жұмысқа орналастырылады. Сосын кәсіпкерлік бастамаларға демеу жасалады. Биылдан бастап бизнесті дамытуға берілетін грант көлемі 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артып, 1,2 млн теңгеге жетпек. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып, алдағы 3 жылда 125 мыңға жуық азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеріп шықпақ. Үш жақты әлеуметтік келісім шарттар оқуды аяқтағаннан кейін, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады», - деді министр.
Армангүл Тоқтамұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2025 жылға дейін 2 миллион жұмыс орны ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153665/)