![Алғыс айту күніне орай телемарафон өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/2/28/1646050749229.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Күні бойы тікелей эфирде өтетін шара барысында Ұлттық арна тілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы студиялардан, аймақтардан тікелей қосылымға шығып, қоғамдағы еңбегі ерлікпен пара-пар мамандардан сұхбат алып, қала тұрғындарының алғысын жеткізеді.
Қаңтар оқиғасы кезінде халыққа ерікті түрде көмек көрсетіп, ел басына күн туған шақта аянбай тер төккен қарапайым азаматтармен студияда сұхбаттасады.⠀
«Алғыс» телемарафонын бүгін тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алғыс айту күніне орай телемарафон өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153770/)