Атырау облысындағы Қызылқоға және Индер ауданының орталығын қар суы басты. Айналасы 4 күннің ішінде Миялы елді мекенінен 750 текше метр, ал Жарсуат ауылынан 2000 текше метрге жуық, сондай-ақ Индерден 500тоннадай су сорылды. Қазір мамандар әкімдікпен бірігіп, күн-түн демей ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Жауаптылар, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зиян келмегенін айтады. Жергілікті билік өңір аумағында ахуал тұрақты, елд-мекендерді су басу қаупі жоқ деп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында екі ауданның орталығын қар суы басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153778/)