Бүгін Бас покуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында жаппай тәртіпсіздік кезінде және одан кейін ұсталған азаматтардың құқығын қатаң сақтау мәселесі пысықталды. Қазір қаңтар оқиғасы бойынша 3 502 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олардың ішінде лаңкестік, адам өлтіру, қару ұрлау мен жаппай тәртіпсіздік фактісі бойынша 737 күдікті тергеу изоляторларында отыр. Қамаудағылардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған 2 азамат бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азаматтардың құқығы Бас прокуратураның басты назарында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153799/)