Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шығарылды. Сонымен бірге «Павлодар мұнай-химия зауытының бұрынғы бас директоры Оспанбек Әлсейітов те саяси кеңестің қатарынан шықты. Ал, олардың орнына Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу мен «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожинді мүше ету ұсынылды. Жалпы, құрамға өзгеріс енгізу тек қана партия съезінің құзіретіне кіреді,-деді саяси ұйымның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының саяси кеңесінен шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153821/)