Қазақстан қор биржасының кешкі сауда сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 485 теңгеге теңесті. АҚШ валютасы KASE-дегі кешегі сауда-саттық қорытындысымен салыстырғанда 9 теңгеге арзандады. Алайда ақша айырбастау орындарында валюта бағамы 488-494 теңгені көрсетіп тұр. Сонымен бірге бүгін қор биржасы ресейлік компаниялардың бағалы қағаздарын сатуды тоқтатты. KASE өкілдерінің айтуынша, сауда компанияларға енгізілген түрлі шектеулерге байланысты уақытша тоқтатылып отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейлік компаниялардың бағалы қағаздарымен сауда тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153869/)