Ресей атысты тоқтатқанда ғана Украина келіссөздерді жалғастырады. Мұны президент Владимир Зеленский Американың «Си-эн-эн» телекомпаниясы мен Британияның «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.
Тағы бір сөзінде Зеленский Батыс елдері Украинаны НАТО-ға қабылдауға дайын болмаса, Киев үшін қауіпсіздік кепілдігін беру керектігін айтты.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі президент Владимир Путин мен Зеленский арасында келіссөздер жоспарланып отырмағанын хабарлаған еді.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зеленский атыс тоқтағанда ғана келіссөздерді жалғастыратынын ескертті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153882/)