АҚШ пен оның одақтастары әлем нарығына резервтен 60 миллион баррель мұнай шығаруға уағдаласты. Мұны Ақ үй мен Халықаралық энергия агенттігі мәлімдеді.
Осы 60 миллионның 30 миллионын Америка жөнелтейін деп отыр. Басты мақсат - Украинадағы жағдайға байланысты әлемнің энергия тапшылығына душар болуына жол бермеу.
Айта кетсек, Ресей әскери операция бастағаннан кейін дүниежүзілік нарықта мұнай бағасы күрт өсіп, 100 доллардан асып кетті. Бұл деңгейге көмірсутегінің құны 2014 жылдан бері алғаш рет көтеріліп отыр.
Арыстан Рысбек