Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті. Бірі 15 жаста екіншісі 5 жасар. Олар жаяу жүргіншілерге арналған жолақ бойымен жолды кесіп өтпек болғанда, «Hyundai Accent» автокөлігі келіп соққан. Жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді. Ал, жүргізушіге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Сондай-ақ, осы Екібастұз қаласы аумағында облыстың экс-әкімі Болат Бақауов мінген Лексус автокөлігі Газельмен соқтығысқан болатын. Жол апаты 14-ші ақпан күні тіркелді. Полиция бүгін осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жол аптынан зардап шеккен көлік жүргізушісі орташа ауыр халде ауруханаға түскен.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153901/)