Доллар тағы өсті. Таңғы сауда қорытындысы бойынша АҚШ валютасы 7 теңгеге жуық өсіп, 492,21 теңгеге тең болды. Қазақстан қор биржасы осындай дерек келтірді. Ал Ұлттық банк доллардың 2 наурыздағы ресми бағамы – 487,75 теңге екенін айтты. Жалпы былтыр қараша-желтоқсан айларында сыртқы факторлардың күрт нашарлауынан валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін интервенция жасалды. Қаңтарда оның жалпы сомасы 240 миллиондай долларға жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық банк қаңтарда 240 миллион долларға жуық валюталық интервенция жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153907/)