Алматы облысында 40-тан астам елдімекенді су басу қаупі бар. Өңірдің таулы аймақтарында жауған қар қалыңдығы 55 сантиметрге жеткен. Ал еңісте 5-10 сантиметр ғана. Алдағы тәуліктерде ауа-райы күрт жылып, қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде ауылдарда еріген қар мен жауған жаңбыр суының жиналуына себепші болуы мүмкін, дейді мамандар. Сондай-ақ жауын-шашын салдарынан өзендер деңгейі көтеріліп, таулы аймақта жылым жүруі ықтимал. Төтенше жағдай қызметінің өкілдері тұрғындарға арықтарды тазалап, суағарларын ретке келтіруге кеңес береді. Облыс аумағында Көктем-2022 республикалық оқу жаттығулары басталды.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында 40-тан астам ауылды су басу қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153966/)