Еліміздің бас прокуроры тағайындалды. Бүгіннен бастап бұл қызметті Берік Асылов атқарады. Оны тағайындау туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысын бүгін Сенат депутаттары бірауыздан қолдады. Бұған дейін 58 жастағы генерал-лейтенант Бас прокурордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген. Жаңа Бас прокурор ақпарат құрлдарына барынша ашық болуға және қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың тізімін жариялауға уәде берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Берік Асылов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153971/)