Жамбылда қаңтардағы тәртіпсіздікке қатысы бар 1527 адам тергеуге шақырылған. Қазір қылмыстық істер бас прокуратураның қарауында.
Жалпы өңірінде тәртіп бұзғандар мен қылмыс жасағандарға қатысты барлығы 180 іс тергелуде. Оның ішінде 57-сі терроризм бойынша. Уақытша ұстау изоляторында 86 адам қамауда. Ал, 13 адамның жазасы жеңілдетіліп, босатылды. Сонымен қатар, Тараз қаласында Қаңтар оқиғасынан кейін қару-жарақ сақталған 8 қойма анықталды.Ұлттық қауіпсіздік департаментінің мәліметінше, қоймалардан «Калашников» автоматы, тапанша, тегіс ұңғылы және шолақ мылтықтар табылған.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Өткен аптада Жамбыл облыстық полиция қызметкерлерімен 16 бірлік қару мен 300-ден астам түрлі калибрлі патрон алынды. Табылған қаруларға сот баллистикалық сараптама тағайындалды. Жалпы, 180 қылмыстық іс тергелуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбылда тәртіпсіздікке қатысты 13 адам жазадан босатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153986/)