Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер қазіргі геосаяси ахуалдың шиеленісуі жағдайындағы сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін егжей-тегжейлі талқылады. Тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел Үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақты арттыру мен жаңа сын-қатерлерді еңсеруге бағытталған алдағы іс-қимылдары жөнінде уағдаласты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/153992/)