Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға кері әсерін басу үшін үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Премьер-Министр төрағалығымен өткен жиында экономиканың салалық бағыттары, көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды. Штаб наурыздың 2-сі құрылған еді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154030/)