Алматыда қару-жарақ пен оқ-дәрі жасырылған орын анықталды. Полиция департаментінің хабарлауынша, топырақты аршу кезінде 12-ші калибрлі 7 тегіс ұңғылы мылтық, 200-ден аса оқ, бірнеше пышақ пен оптикалық көздеуіштер табылған. Заттардың 6 қаңтар күні қару-жарақ дүкенінен ұрланғаны белгілі болды. Қазір оларды жасырғандар іздестіріліп жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 7 мылтық пен оқ-дәрі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154032/)