![Премьер-Министр Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/3/4/1646375530948.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Түркия вице-президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия үкіметаралық комиссиясының XII отырысы өтті.
Отырыс барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың ауқымды мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ екі ел арасындағы әуе жолдарының географиясын кеңейту және тұрақты рейстер санын арттыру қажеттілігіне назар аударылды.
Екі ел әріптестігінің стратегиялық сипатына тоқталған ҚР Премьер-Министрі 2021 жылы Қазақстаннан Түркияға экспорт 39%-ға өсіп, шамамен $3 млрд жеткенін, 2021 жылы Түркиядан Қазақстанға импорт 20,5%-ға артып, $1,1 млрд құрағанын атап өтті.
Бүгінгі таңда түрік бизнесі Қазақстанда жалпы құны $5,5 млрд құрайтын инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Премьер-Министр Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-Президенті Фуат Октаймен келіссөз жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154040/)