Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады. Қанат Шарлапаевтың сөзінше былтыр холдинг арқылы 37 ірі жобаға 533 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, 7 жоба іске қосылған. 57 мыңнан аса шағын және орта бизнес иелеріне 2 триллион теңге қаржылай көмек берілген. «Бәйтерек» басшысы Мемлекет басшысының «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамын реформалау және оның менеджмент құрамын өзгерту жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Кездесу барысында жұмыс орындарын ашуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мәселесі де талқыланды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Президент қабылдауында болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154076/)