Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторынан тергеудегі екі күдікті қашып кеткен. Олар 8-наурыз күні мекеменің серуен алаңынан ебін тауып сытылып кеткен. Тәртіп сақшылары 24 және 25 жастағы жігіттерді ізін суытпай бірнеше сағаттан соң ұстаған. Енді олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 426-шы бабымен тергеу барысында уақытша ұстау изоляторынан қашқаны үшін іс қозғалды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шахтинск қаласындағы тергеу абақтысынан екі күдікті қашқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154168/)