Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев брондалған дөңгелекті техника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды. Президент жоғары технологиялы кәсіпорынның жұмысымен танысып, отандық қорғаныс-өнеркәсібі өнімдерінің көрмесін көрді. Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытудың бірқатар бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін айтты. Ал, өндірілетін өнім техникалық тұрғыдан заман талабына сай болуы керек екенін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154263/)