Шетелдік тағы бірнеше компания Ресейдегі қызметін тоқтатты. АҚШ-тың ең ірі банкі JP Morgan бұл елден кететінін және жаңа бизнеспен айналыспайтынын мәлімдеді. Бейсенбіде Goldman Sachs инвестициялық банкі де Ресейдегі кәсібін доғаратынын жариялады. Сонымен бірге 200-ден астам елге халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыратын «Western Union» компаниясы Ресей мен Беларусьте қызмет көрсетуді тоқтатты. Айта кетсек, Ресей нарығынан кеткен компаниялардың саны 230-дан асты. Бейсенбіде олардың қатарына «Марс», «Уолт Дисней» және «Юниверсал мюзик» компаниялары қосылды. Экономикалық сарапшылардың болжамынша, санкциялардың ықпалынан Ресей экономикасы 15 пайызға қысқаруы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Goldman Sachs», «JP morgan», «Western Union» Ресейдегі бизнесін тоқтататынын мәлімдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154285/)