Оралда аутизмге шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды. Осындай диагнозбен 253 бала арнайы есепке алынған. Енді ата-аналар көрші облыстарға сабылмай, балаларын осы орталыққа әкеледі. Мекеме мамандары жылына 600 баланы тегін емдейді. Арнайы оқытылған 20 маман жұмыс істейді.
Дилара Салыхова, «Асыл мирас» аутизм орталығы директорының міндетін атқарушы:
Аутизм орталығы 6 бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Өмірлік дағдысын, әлеуметтік дағдысын дамыту, ерте жастан қолдау, интенсивті курс және ойын-коммуникациялық дағдысын дамыту. Бағдарламаның уақыты - үш ай. Аптасына - үш, айына 12 сабақ, сонда бір курста 36 сабақ өткізіледі.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда аутизмге шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154314/)