Кешелі бері еліміздің бірақатар өңірінде қарлы боран соғып, жолдар жабылды. 6 өңірде ескерту жарияланды. Ал, Ақтөбе облысында жеті бағытта көлік қатынасына шектеу қойылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қар құрсауынан сегіз адамды құтқарды. Оның екеуі бала. Сондай-ақ, тағы 57 адам эвакуацияланды. Мәселен, «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолының Байғанин ауданындағы бөлігінде жолда қалған 40 көлік/ Жарлы елді мекеніне жеткізілді. Жолаушылардың барлығы аман-есен. Сондай-ақ, Хромтау ауданының Абай, Никельтау ауылдарында да 8 автокөлік тұрып қалған. 7 жолаушы құтқарылды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154321/)