Мемлекет басшысы Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Ол Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 130 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы айтты. Бұдан бөлек «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев академияның бастамаларына жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі академиясының Президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154341/)