Биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5 процентке жеделдеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді. Нақты сектордағы өсім ұлғайып, қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1%-ке дейін артқан. Көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығында оң өсім бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда биылғы екі айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 3,5%-ға дейін өскен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154466/)