Польшаның Катовице қаласынан Қазақстан азаматтарын тасымалдайтын бесінші рейс ұшып шықты. Елорда уақыты бойынша сағат 8:50-де көкке көтерілген ұшақ Алматы қаласына келіп қонады деп жоспарланған. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар. Бір күн бұрын әуе кемесі Қазақстаннан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жеткізген болатын.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинадан эвакуациялау: 89 қазақстандық мінген бесінші ұшақ Катовицеден ұшып шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154471/)