![Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/3/15/1647336047581.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.
«Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді», — деді А. Ғиният.
Қалған 9 өңір бойынша ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған. Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше бақылауда екенін хабарлады.
Бүгінге дейін күнделікті өткізіліп келген Жедел штаб отырыстарын енді бизнес-қауымдастықтың өтініші бойынша олардың сұрақтарының келіп түсуіне қарай аптасына екі рет өткізуге шешім қабылданды.
Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154498/)