Ал әзірге қаржы нарығы тұрақсыз. Ұлттық банк төрағасы алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін, - дейді. Қазір олның көлемі бір айда 0,2 пайызға көтеріліп, 8,7 процентті құрап отыр. Геосаяси жағдай, жаһандық тауар жеткізудің қиындауы мен энергоресурстардың қымбаттауы инфляциялық қысымды күшейтіп жіберді. Оның үстіне азық-түлік пен өзге де тауар бағасының көтерілуі тағы бар. Инфляцияны ауыздықтау үшін Ұлттық банк төрағасы жанармайдың қымбаттауына жол бермеу керек екенін айтады. Әрі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді ғана емес, инфляцияға елеулі үлес қосатын басқа да тамақ өнімдері бойынша жұмыс жүргізілуі тиіс, - дейді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық банк төрағасы: Алдағы күндері инфляция өсуі мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154548/)