Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Shell» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті. Тараптар инвестиция тарту мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын пысықтады. Питер Костелло Қазақстан «Shell» компаниясының стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Қазір мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында Үкімет жақсартылған модельдік келісімшартты енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан ортақ жобаларды дамыту әріптестеріміз үшін одан да тартымды болатынына сенімдіміз, деді Үкімет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет басшысы «Shell» компаниясының атқарушы вице-президентімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154625/)