![Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/3/18/1647573421821.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды.
Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:
Жақанов Илья – жазушы, Атырау қаласы.
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Шарманов Төрегелді – Қазақ тағамтану академиясының президенті, Алматы қаласы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 17 наурыз
№ 838
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жазушы Илья Жақанов пен ғалым Төрегелді Шарманов «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154693/)