Алматыда қаңтардағы оқиға кезінде ұрланған қарудың кезекті партиясы тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында, ол өзінің танысымен бірге Түркісіб ауданындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінде екі мылтықты жасырғанын мойындады. Сондай-ақ оның тонау қылмысы бойынша жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаңтар оқиғасы: Алматыда ұрланған қарудың кезекті партиясы тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154719/)