Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ішкі істер министрін қабылдады. Марат Ахметжанов Президентке еліміздегі криминогендік ахуал мен «қаңтар оқиғасы» кезінде жасалған қылмыстарды тергеуге қатысты баяндады. Қазір 2 988 қылмыстық іс қаралуда, 188 іс бойынша айыпталу актісі шыққан, оның 166-сы сотқа жіберілген. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру жайы сөз болды. Соның ішінде полиция жұмысын бағалау жүйесін қайта қарау, бюрократияны жою, сотқа дейінгі іс жүргізу процесін оңтайландыру, сондай-ақ, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту шаралары туралы айтылды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ішкі істер министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154742/)