![Астана мұражайларында ашық есік күні өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77248.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
7 шілдеде сағат 10.00 С.Сейфуллин атындағы мұражайда, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешенінде және «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Ашық есік күні аясында елорда тұрғындары мен қонақтары түрлі экспозициямен таныса алады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.
Сонымен қатар, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Астана мақтанышымыз» екі күндік мерекелік концерт ұйымдастырылады. Елорданың 16 жылдығына арналған шара 6 және 7 шілдеде сағат 11.00-14.00 өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана мұражайларында ашық есік күні өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/15475/)