Елдегі әуежайларда керосин сатуға тыйым салынуы мүмкін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының айтуынша, қазір әуежайлар негізгі кірісті авиакеросинді алып сатудан табады. Ол биыл жолаушылары 2 млн-нан асатын әуежайларды реттеу енгізілгенін айтты. Демек, керосин сатуға тыйым салу ұсынылған. Сол арқылы қызмет көрсету саласын дамытуға басымдық берілмек. Елде әуе отынының 72% үлесін Petrosun мен Қазмұнайгаз реттейді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әуежайларда керосин сатуға тыйым салынуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154754/)