АҚШ Президенті Джо Байден Қасым Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтап, жеделхат жолдады. Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев Наурыз Орта Азия халықтарының ортақ мақсаты мен арманын білдіретін мейрам екенін жазған.
Сондай-ақ Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев те ізгі тілегін жолдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен әлі де жеделхаттар келіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыз мерекесіне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау хаттар келіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154816/)