Жолға шықпақ болған тағы 114 адам уақытша қауіпсіз жерге орналастырылды. Кешегі күнгі ақтүтек боранға байланысты бірқатар жолдар жабылған болатын. Қарағанды, Теміртау қалаларында және облыстың 5 ауданында жолаушыларды төтенше жағдай қызметкерлері мен жол мекемелерінің жұмысшылары құтқарған. Арасында 4 бала бар. Сондай-ақ науқастанып қалған екі азамат ауруханаға жеткізілді.
Ерасыл Сайпаш, ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары:
Облыс аумағында жағдай бақылауда, тіршілікті қамтамассыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде. Ауа райының нашарлауына байланысты, қар, боран, қатты жел, көрінудің шектелуіне байланысты автожолдың 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Ақтөбе облысында соңғы үш күнде 86 адам құтқарылды. Оның сегізі бала. Сондай-ақ, қар құрсауынан 15 техника шығарылды.
Құтқару жұмыстары облыстың барлық аймағында жүргізілді.Мәселен, Хромтау ауданы, Белқопа ауылынан 8 шақырым жерде Самара-Шымкент автожолының жабық учаскесінде 6 автомобиль қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар 19 адам мен бірнеше техниканы қауіпсіз аумаққа жеткізді. Сондай-ақ боранда далада қалған екі малшы құтқарылды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында бір тәулікте қар құрсауынан 68 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154853/)