Ақордада Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады. Әлібек Қуантыров Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен инфляцияны төмендету жөніндегі кешенді шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сондай-ақ, тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154865/)