Алматыда “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі күдікті ұсталды. Полицияның хабарлауынша, қолға түскендер Алматы облысының тұрғындары. Күдіктілердің бірі бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған. Олар 6 қаңтар күні «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонап, 5 тегіс ұңғылы мылтық, оқ-дәрі мен оқ өткізбейтін кеудешелерді ұрлаған. Олар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталғандардың жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған тағы екі күдікті ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154874/)