Украинадағы «Чернобыль» атом электр станциясының қызметкерлері атыс салдарынан жұмыс орнына жете алмай отыр. Бұл - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік берген мәлімет.
Ұйым Украина билігінің мәліметіне сүйене отырып, Ресей әскері Славутич қаласындағы бақылау-өткізу пунктіне оқ жаудырып жатыр деп мәлімдеді.
Айта кету керек, қала тұрғындарының көпшілігі Чернобыль АЭС-інде жұмыс істейді. МАГАТЭ оқ ату атом электр станциясы жұмысшылары мен үйлеріне қауіп төндіріп тұрғанын айтып, нысанда жұмыстың ойдағыдай жүруіне кедергі деп мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украина: Инспекторлар «Чернобыль» атом электр станциясына жете алмай жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154887/)