Арыс және Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарын жою шаралары жалғасады. Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері бүгіннен бастап жұмысқа қайта кірісті. Арыс қаласында жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі. Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтарын жою үшін де арнайы орын дайындалған. Жарылыс салдарын жою жұмыстарын 650-ден астам әскери маман қараша айының соңына жүргізеді. Жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байзақ ауданында оқ-дәрі қалдықтарын жою үшін арнайы орын дайындалған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154984/)