Қасиетті Рамазан айымен қауышуға алты күн қалды. Ораза сәуірдің 2-інде басталады. Ауыз бекіту 30 күнге жалғасады.
Биыл пітір садақа мөлшері - 500 теңге. Ол ел аумағындағы 2 келі ұнның орташа бағасына тең. Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн. Ораза айт болса, екінші мамырға келіп тұр. Рамазан – тәрбие айы. Сондықтан бойдағы жаман әдет пен жағымсыз мінезден арылуға мүмкіндік мол. Бұдан бөлек мейірім мен кешірімге әрі сауапқа толы мерзім. Демек қал-қадірінше қайырымдылық жасау маңызды.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/154985/)