Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан бес азамат ұсталды. Күдіктілердің бірі жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасағанын мойындаған.
Полицияның хабарлауынша, олардың үйін тінту кезінде 8 қарудан бөлек, қыстық бас киімдер мен ұсақ техникалар табылған. Ұсталғандар 6 қаңтар күні түнде қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан. Ал, қалған заттардың қайдан алынғаны анықталып жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, оларға қылмыстық іс қозғалды.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан бес азамат ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155027/)