Бүгін мемлекет басшысы қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі геосаяси жағдайдың экономикамызға кері әсер етіп жатқанын айтты. Сондықтан мемлекеттік органдар үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет, - деді Президент. Жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты жөнінде есеп берді. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттің кіріс-шығыстары жайында айтты. Көктемгі егіс науқанына дайындық, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, әрі халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155146/)