Елімізде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бүгінде барлық өңір «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 23 адам ғана жұқтырған. Дегенмен, қауіпті індетке қарсы екпе салу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 9 млн 455 мың адам вакцинаның 1-ші компонентін салдырған. Екінші компонент 9 млн 160 мыңнан аса адамға егілді.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Эпидахуал: Барлық өңір «жасыл» аймақта&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155179/)