Қостанай облысында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Бала барысы» сайысы өтті.
Қазақ күресінен өрендер бақ сынаған турнирге 30-ға тарта жас спортшы қатысты. Мақсат - жас ұрпақтың ұлттық спортқа қызығушылығын тудырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыстың ашылу салтанатында ахметтанушылар ұлт ұстазының өнегелі өмірі жайлы әңгімеледі.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында «Бала барысы» сайысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155212/)