Қостанай облысының Қамысты ауданындағы Орқаш ауылымен 10 күннен бері қатынас үзілген.
Тоқтаусыз соққан боран мен жаяу бұрқасын жолды аршуға мүмкіндік бермей жатыр. Тұрғындар көрші елді-мекендерге мотошанамен ғана қатынап жүр. Облыс орталығынан шамамен 400 шақырымдай қашықтағы Орқаш – Аралкөл округіне қарайды. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша мұнда 14 үй бар, тұрғындар саны 50-ге жуық.
Жасұлан Сыздықов, Аралкөл ауылдық округінің әкімі:
Наурыздан бері күнде боран ғой. Күнде тазартқанмен артын басып қалып жатыр. Бір шетін тазартып бастаса, бір шетін басып қалады. МЧС-тан техника бөлініп медикамент тамақтарын жеткізіп қамтамасыз еткенбіз. Жол қазіргі уақытта аршылып қалды. Бүгін енді жол бар деуге болады.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысының Орқаш ауылына 10 күннен бері қатынас үзілген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155237/)