Сәуір болмай, тәуір болмайды. Синоптиктердің болжамы бойынша, осы айда еліміздің басым аумағында күн жылынып, қар еріп кетеді. Бірақ 5 сәуірден бастап ауа райы құбылмалы болуы мүмкін. Көп жерде жаңбыр жауады деп күтілуде. Жел соғып, тұман түседі. Алайда, айдың екінші және үшінші декадасында күн күрт жылынады. Солтүстікте ауа температурасы 15-23, оңтүстікте 28-35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=+35 градус: Сәуір айында еліміздің басым аумағында күн ысиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155257/)