Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, діни басқарманың жұмыстары жайлы мәлімет алды. Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп жариялаған.
Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын «Әжелер мектебінің» ашылғаны жайлы айтты. Сондай-ақ Наурызбай қажы алдағы уақытта Түркітілдес елдердің Бас мүфтилерінің алқасы құрылатынын жеткізді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Рамазан айының басталуымен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155286/)