Қасым-Жомарт Тоқаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады. Кездесуде қазақ мәдениетін дамыту жайы сөз болды. Әрі Динара Тілендиева «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары жайлы мәлімет берді. Бұдан бөлек, 2025 жылы көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Динара Тілендиеваны қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155295/)