Диірменшілер астық экспорттауға тыйым салуды сұрап отыр. Ұсынысты мәжіліс депутаттары қолдады. Олар экспортқа тыйымды жаңа егін науқанына дейін енгізу керек,-деп есептейді. Бұл өңдеуші кәсіпорындардың тоқтап қалмауы, бағаны ретке келтіріп, тұтынушыларды ұн және мал азығымен қамту үшін қажет. Шаруалар өндіріс орындарының 6 айдан бері тұралап қалғанын айтып, шикізатты Ресейден алдырып отыр. Жуырда көрші ел бидайын импорттауға шектеу қойған. Енді үкімет астық экспортына 2 айға тыйым салды. Көлемі 1 млн тонна. Бірақ бидайдың 10 пайызы ішкі нарықта міндетті түрде сатылуы керек.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Диірменшілер астық экспорттауға тыйым салуды сұрап отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/155312/)